Апта матчтары

13 qyrkúıek
916

Назарларыңызға Қазақстан чемпионатының екінші аптасының алдағы кездесулерінің аңдатпасын ұсынамыз.

Жаңа маусымдағы алғашқы матчтарын «Торпедо» мен «Ақтөбе» Өскеменде өткізеді. Павлодарда «Ертіс» пен «Бейбарыс» кездеседі. Бұл жекпе-жек атыраулық жанкүйерлердің асқан қызығушылығын тудыратыны анық. Себебі «Бейбарысты» жақында өткен Қазақстан Кубогінде жалғыз жеңген «Ертіс» болатын.

Қарағандыда әзірге ұпай жоғалтпаған командалар кездеседі. «Сарыарқа» мен «Құлагер» екі реттен жеңіске жетті және қазір турнир кестесінің жоғарғы қатарына жайғасып отыр.

Ташкентте үш балл жинаған «Номад» өзінің түздегі сериясын жалғастыруда. «Көшпенділердің» келесі аялдамасы – Алматы.

«Құлагерден» екі рет жеңілген «Снежные Барсы» командасын әзірге ұпай жинамағанымен, оңай шағылмайтын жаңғақ – «Арлан» күтіп тұр.

Чемпионат кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінен таныса аласыздар.

Турнир кестесін келесі сілтеме бойынша көруге болады.

ProLigasy-ның барлық матчтарының көрсетілімі ресурстың жоғарғы бөлігіндегі ойындар тізбегінде қолжетімді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.