«Номад» қарымта қайтарды, «Сарыарқа» Көшетаудан алты ұпаймен қайтты. 19 қарашадағы матчтарға шолу

19 qarasha
1213

«Номад» Петропавлда «Құлагерден» қарымта қайтарды. «Сарыарқа» «Арланнан» жеңісті жұлып әкетті.

«Құлагер» «Номадпен» екінші матчта өзінің жеңістер сериясын жалғастыра алмады. «Көшпенділер» бүгін қарсыластарға қарағанда белсендірек болып, сәйкесінше жеңіске жетті.

"Құлагер" – "Номад" 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)

0:1 – 24:37 – Орехов (Панюков, Гатиятов) ГБ

0:2 – 28:42 – Муратов (Зубов, Пархоменко)

0:3 – 42:28 – Яковлев (Клепко, Александров)

1:3 – 55:25 – Логинов (Попитич, Рамазанов)

1:4 – 55:27 – Зубов ПВ

Қақпашылар: Янков – Амирбеков

«Арлан» мен «Сарыарқа» арасында тартысты матч өтті. Шайбаны команда кезек-кезек игеріп отырды. Шешуші сәт үшінші кезеңнің аяқталуына аз уақыт қалғанда болды. Александр Борисевичтің дөп салған шайбасы қонақтарға Көкшетау алаңында екінші жеңісті сыйлады.

"Арлан" – "Сарыарқа" 3:4 (1:0, 1:3, 1:1)

1:0 – 12:39 – Шитиков (Бердников В.)

2:0 – 23:39 – Черкасов (Киселев, Евграфов)

2:1 – 26:58 – Гусейнов (Анохин, Нургалиев) ГБ

2:2 – 34:31 – Никулин (Зеленков, Михайлов)

2:3 – 36:52 – Сиксна (Зеленков, Никулин) ГБ

3:3 – 56:54 – Черкасов (Колесников, Бердников В.) ГБ

3:4 – 58:14 – Борисевич (Горбачев, Желнеровский)