10 қыркүйек күні Қарағандыда хоккейден Қазақстан чемпионатының жаңа маусымының бірінші кездесуі өтеді. Pro Hokei Ligasy-ның алтын медальдары үшін 12 ұжым тартысады.
Ағымдағы аптада жанкүйерлер төрт матчты тамашалай алады. Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Арланның» арасында өтетін матчтар көпшіліктің назарында болмақ. Жақында ғана қарсыластар ҚР Кубогінің финалында кездескен. Онда Петерис Скудраның ұжымы басым болып, ойыннан кейін «көкжалдар» сапында елеулі кадрлық өзгерістер орын алды. Алдағы кездесулер – көкшетаулықтар үшін жанкүйерлері алдында өздерін ақтап алудың тамаша ммкіндігі. Алайда «Сарыарқаның» да жаңа маусымды екпіндетіп бастауға деген құлшынысы зор.
«Хумо» - «Номад» жұбын да тамашалау қызықты. Қос ұжым да өздерін Кубок аясында жаман көрсеткен жоқ, алайда қорытынды нәтижеге көңілдері толуы екіталай.
«Снежные Барсы» маусымды өз алаңындағы «Құлагермен» арадағы матчтармен ашады. «Алматы» мен «Горняк» оңтүстік астанада ойнайды.
Чемпионат кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде танысуға болады. ProLigasy-ның барлық матчтарының көрсетілімдері ресурстың жоғары бөлігіндегі ойындар тізімінде қолжетімді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.