Parimatch-Қазақстан Кубогінің алдын ала кезеңін қорытындылаймыз.
Еске сала кетейік, беделді атақ үшін «Арлан», «Сарыарқа», «Ертіс» пен «Горняк» тартысты жалғастырады.
«Арлан» турнир жолында бір де бір рет жеңіліс көрмеген жалғыз ұжым атанды.
«Ертістің» С тобындағы бірінші орнын нағыз сенсация деуге болады. Турнир басталардың алдында жас павлодарлық команданы ешкім фаворит көре қоймаған болар. Алайда топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Евгений Штайгердің ойыншылары «Бейбарыс» пен «Номадты» шаң қаптырды.
Жеті жыл ішінде ҚР Кубогінің финалдық бөлігіне алғаш рет шыққан «Горняк» алдын ала кезең аясында ең нәтижелі ойын көрсетті. Рудныйлықтардың қоржынында салынған 18 шайба бар (бір ойында орта есеппен 6 гол).
Топтық кезеңде ең нашар көрсеткішті «Торпедо» көрсетті. Өскемендіктер біршама жаңарып, өз құрамын жасартты. Сондықтар әзірге жоғары нәтиже күту ерте. Үш матчта «торпедолықтар» қарсыластарға 3 қана шайба салып, бір де бір бал жинамады.
Үздік бомбардирлер тізімінің жоғарғы қатарын «Горняктың» өкілдері иеленіп отыр. Максим Кунишников (2+4) және Оскар Юлбарисов (1+5) 6 балдан салды қоржынға.
«Ертістік» Диас Атаханов пен «горняктық» Евгений Степанов 4 шайбадан салды. Олар – турнирдің үздік сұрмергендері.
Қорғаушылар арасынан үздік нәтижелер рудныйлықтарға тиесілі. Данил Щёкин (1+3) мен Валерий Садиковтың (0+4) қоржынында 4 балдан бар.
Бірден үш қақпашы толықтай үш матч ойнап шықты. Денис Каратаев (соққылардың 91,2% тойтарылды, СК – 1,9) «Сарыарқаға» екі рет жеңіске жетіп, плей-оф раундына шығуға мүмкіндік берді. Максим Павленко (91,3%, СК – 1,7) да екі рет жеңіске жетті, алайда «Номад» титул үшін жарысты жалғастыра алмай қалды. «Хумолық» Роман Смирягин бір рет жеңіске жетті, орта есеппен 2,3 шайба өткізіп, соққылардың 91%-ына тойтарыс берді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.