Parimatch-Қазақстан кубогі. 4-күн

27 tamyz
918

Сенбі күні хоккейден Қазақстан Кубогі аясындағы тағы екі кездесу өтеді.

Оңтүстік астанада «Алматы» «Торпедомен» ойнайды (басталуы 17:00-де). Қос команданың да есебінде әзірге ұпай жоқ, ал В тобының алаң иелері мүлдем шайба салмады.

Нұр-Сұлтанда «Ертіс» тағы бір сенсация жасауға тырысады. Павлодарлықтар бұған дейін «Снежные Барсы» командасын буллиттер сериясында ғана жеңе алған «Номадпен» ойнайды.

Кубок бомбардирлері тізімінің жоғарғы қатарларын бұрынғыша «Горняк» ойыншылары иеленуде. Денис Гурьев (2+2) пен Айдар Галимов (1+3) 4 балдан жинады. Евгений Степанов үш балымен турнирдің сұрмергендер көшін бастап тұр.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.