Шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогінің екінші күні бірнеше қызықты нәтижеге куә қылды. Бүгін де сенсация көре аламыз ба?
Қарағандыда «Хумо» «Ақтөбемен» тартыста турнирдегі алғашқы жеңісіне жетуге тырысады (матч 15:00-де басталады). «Құлагерге» қарсы петропавлдықтармен кездесудің алдында бір күн демалған «Сарыарқа» ойнайды (19:00).
Алматыда В тобының көшбасшылары «Горняк» пен «Арлан» кездеседі (19:00). Рудныйлықтар әзірге Кубоктің ең нәтижелі ұжымы, ал «Арлан» – әзірге өз қақпасына шайба өткізбеген жалғыз команда.
«Бейбарыс» күтпеген жерден С тобында ең соңғы орынға түсті. Бүгін атыраулықтар «Барыс-Аренада» кеше «Номадпен» матчты буллитпен аяқтаған «Снежные Барсы» командасымен ойнайды.
Париматч-Қазақстан Кубогінің үздік бомбардирлерінің тізімінде қазіргі таңда «Горняктың» өкілдері Вячеслав Шарипов пен Денис Гурьев көш бастап тұр. Олардың есебінде 3 (1+2) балдан бар.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.