Торпедоның маусымдағы алғашқы жеңілісі, Снежные Барсы мүлдем гол салмады. 18 қарашадағы матчтарға шолу

18 qarasha
1355

«Ақтөбе» тағы қақпасына бір де бір шайба өткізбестен «Снежные Барсы» командасын тізе бүктірді. «Теміртау» «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. «Алматы» Рудныйдан үш ұпаймен қайтты. «Алтай Торпедо» чемпионат көшбасшысын бірінші жеңілісіне ұшыратты. «Сарыарқа» «Арланнан» басым түсті. «Құлагер» овертаймда жеңісті «Номадтан» жұлып әкетті.

Екінші матчта «Снежные Барсы» 36 соққыға тойтарыс берген Дмитрий Мальгиннен шайбасын тағы да өткізе алмады. Айтып өтетін жайт, елордалық ұжымның голсыз сериясы екі жүз минуттан астам ойын уақыты бойы жалғасып келеді. «Ақтөбе» екі жеңістен кейін өзінің турнир кестесіндегі ахуалын түзетіп алды.

"Снежные Барсы" – "Ақтөбе" 0:4 (0:0, 0:2, 0:2)

0:1 – 22:51 – Кевлин (Зинченко, Смирнов)

0:2 – 26:21 – Зинченко (Кузьмичев) ГМ

0:3 – 43:50 – Кузьмичев (Зубковский, Зинченко) ГБ

0:4 – 53:11 – Халиков (Цыбров, Нечаев)

Қақпашылар: Калмыков (Пестов, 43:50-60:00) – Мальгин

"Теміртау" үшінші кезеңдегі үш шайбаның арқасында «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. Алаң иелерінің қақпашысы Виктор Селивёрстов қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді. Роман Козловтың командасы турнир кестесінің үшінші қатарына жайғасты.

"Теміртау" – "Бейбарыс" 3:0 (0:0, 0:0, 3:0)

1:0 – 40:29 – Колесников (Кулиев)

2:0 – 54:55 – Щекин (Михнин) ГБ

3:0 – 56:50 – Кулиев ШБ

Қақпашылар: Селивёрстов – Иванов

"Алматы" тартысты ойында «Горняктан» қарымта қайтарды. Бұл ойында екінші кезең шешуші болып, алаң иелерінің қақпасына төрт шайба аттанды. Жеңімпаздар құрамынан Владимир Волков дубль жасап, көзге түсті.

"Горняк" – "Алматы" 3:5 (0:0, 1:4, 2:1)

1:0 – 25:23 – Юлбарисов ГМ

1:1 – 26:58 – Малетин (Ананьин, Спиридонов)

1:2 – 30:12 – Буяльский (Ипатов, Волков)

1:3 – 35:01 – Волков (Баженов, Кудрявцев) ГМ

1:4 – 38:19 – Писарев (Бутузов, Спиридонов)

2:4 – 42:37 – Щанкин (Воронин, Коптяев)

3:4 – 58:54 – Власов (Ахметвалиев, Садиков)

3:5 – 59:25 – Волков (Ипатов, Буяльский) ПВ

Қақпашылар: Нечвиенко – Полуэктов

"Алтай Торпедо" «Торпедоның» 13 матчқа созылған жеңістер сериясын тоқтатты. Виктор Богатырёвтің командасы әрбір кезеңде бір шайбадан салып, бұған Олег Болякиннің ойыншылары бір ғана шайбамен жауап берді. Дегенмен чемпионат көшбасшысының 19 қазаннан бастап, бір айға жуық уақыт бойы бір де бір рет жеңілмеуі мақтауға тұрарлық.

"Алтай Торпедо" – "Торпедо" 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

1:0 – 06:31 – Дзедаев (Хоменко, Скуматов)

1:1 – 09:33 – Архипов (Гурин, Бекетаев)

2:1 – 32:10 – Хоменко (Дзедаев, Скуматов)

3:1 – 44:44 – Линник (Дзедаев, Скуматов) ГБ

Қақпашылар: Нурек – Сидоров

"Сарыарқа" Көкшетауда жеңіске жету үшін біршама тер төкті. «Арлан» жеңілістен құтылуға жақын қалды, алайда шешуші сәттерде Жәкен Ибрагимов бастаған қонақтар қорғанысы сенімді ойын көрсетті.

"Арлан" – "Сарыарқа" 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)

0:1 – 33:09 – Безруков (Гусейнов, Нургалиев) ГБ

0:2 – 46:58 – Никулин (Зеленков, Михайлов)

1:2 – 53:02 – Лакиза (Куваев, Евграфов)

Қақпашылар: Демидов – Ибрагимов

Петропавлда «Құлагер» мен «Номадқа» жеңімпазды анықтау үшін негізгі ойын уақыты жетпей қалды. Овертаймда алаң иелері көпшілік құраммен ойнап, өзінің жеңістер сериясын үш матчқа дейін ұзартты.

"Құлагер" – "Номад" 4:3 ОТ (2:2, 0:0, 1:1, 1:0)

0:1 – 04:09 – Орехов (Пархоменко, Комаровский)

1:1 – 07:17 – Ахметов (Исмагилов, Пашков)

2:1 – 08:42 – Крашенинин (Попитич, Власов)

2:2 – 19:43 – Панюков (Данияр Сн.)

2:3 – 42:02 – Орехов (Пархоменко, Зубов)

3:3 – 53:58 – Попитич (Репин, Власов)

4:3 – 60:30 – Хорошев (Рамазанов, Логинов)

Қақпашылар: Янков – Крамарь