Максим Худяков мансабын аяқтады

18 tamyz
1998

Танымал қазақстандық шабуылшы ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, бапкерлікті қолға алды.

Өскемендік хоккей мектебінің шәкірті жанкүйерлерге түрлі қазақстандық клубтардағы ойынымен кеңінен таныс. Максим ҚХЛ-да «Барыс» үшін 123 матч ойнады. Ел чемпионатында Худяков 400-ден астам ойын өткізіп, өз қоржынына 200-ден астам ұпай жинады. Өзінің беделді мансап жолын форвардтың өзі түлеп ұшқан «Торпедо» жүйесінде аяқтауы кездейсоқ емес.

Өскемендік клубтың ресми сайты хабарлағандай, осы жазда Худяков Қарағандыда бапкерлік жолын бастады. Қазіргі таңда ол 2013 жылы туылған балаларды жаттықтыруда.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.