Қазақстан чемпионаты 10 қыркүйекте басталады

12 tamyz
1786

Алдағы Pro Hokei Ligasy чемпионаты қатысушыларының құрамы, сонымен қатар турнирдің алғашқы айының кестесі белгілі болды.

2022/23 маусымында Қазақстан чемпионаты медальдары үшін 12 ұжым тартысады: «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Снежные Барсы», «Торпедо» және «Хумо».

Турнир форматына өзгерістер енгізілген жоқ. Тұрақты чемпионат аясында әрбір команда әрбірімен 4 матчтан ойнайды (2-еуі үйде, 2-еуі түзде). Әрі қарай үздік 8 ұжым плей-оффқа шығып, оның қорытындысы бойынша Pro Hokei Ligasy чемпионы мен жүлдегерлері анықталады.

Турнирдің алғашқы матчы 10 қыркүйекке жоспарланған. Онда өткен маусымның финалистері «Сарыарқа» мен «Арлан» кездеседі. Кездесу Қарағандыда өтеді.

11 қыркүйек күні өзінің алғашқы матчын «Барыс-Аренада» «Снежные Барсы» мен «Құлагер» өткізеді. Дәл сол күні «Хумо» өз алаңында «Номадты» қабылдайды, ал «Алматы» оңтүстік астанада «Горнякпен» кездеседі.

13 қыркүйек күні «Торпедо» мен «Ақтөбе» ойнайды, матч Өскеменде өтеді. Өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері «Бейбарыс» маусымды «Ертіспен» түздегі ойыннан бастайды.

Төменде чемпионаттың қыркүйектегі күнтізбесі ұсынылған. Жақын уақытта біз тұтас тұрақты чемпионат матчтарының кестесін жариялаймыз.

«ТҰРАҚТЫ ЧЕМПИОНАТТЫҢ» БІРІНШІ КЕЗЕҢІ

2022 жылдың ҚЫРКҮЙЕГІ

10 қыркүйек, Сенбі

«SARYARQA» - «ARLAN»

11 қыркүйек, Жексенбі

«SARYARQA» - «ARLAN»

«SNEJNYE BARSY» - «QULAGER»

«HUMO» - «NOMAD»

«ALMATY» - «GORNYAK»

12 қыркүйек, Дүйсенбі

«SNEJNYE BARSY» - «QULAGER»

«HUMO» - «NOMAD»

«ALMATY» - «GORNYAK»

13 қыркүйек, Сейсенбі

«TORPEDO» - «AQTOBE»

«ERТIS» - «BEIBARYS»

14 қыркүйек, Сәрсенбі

«TORPEDO» - «AQTOBE»

«ERТIS» - «BEIBARYS»

15 қыркүйек, Бейсенбі

«HUMO» - «GORNYAK»

«SARYARQA» - «QULAGER»

«ALMATY» - «NOMAD»

16 қыркүйек, Жұма

«HUMO» - «GORNYAK»

«SARYARQA» - «QULAGER»

«ALMATY» - «NOMAD»

«SNEJNYE BARSY» - «ARLAN»

17 қыркүйек, Сенбі

«SNEJNYE BARSY» - «ARLAN»

«TORPEDO» - «BEIBARYS»

«ERTIS» - «AQTOBE»

18 қыркүйек, Жексенбі

«TORPEDO» - «BEIBARYS»

«ERTIS» - «AQTOBE»

22 сентября, Бейсенбі

«ARLAN» - «NOMAD»

«GORNYAK» - «SARYARQA»

23 қыркүйек, Жұма

«ARLAN» - «NOMAD»

«GORNYAK» - « SARYARQA»

«QULAGER» - «ERTIS»

«SNEJNYE BARSY» - «TORPEDO»

24 қыркүйек, Сенбі

«QULAGER» - «ERTIS»

«SNEJNYE BARSY» - «TORPEDO»

25 қыркүйек, Жексенбі

«BEIBARYS» - «HUMO»

«AQTOBE» - «ALMATY»

26 қыркүйек, Дүйсенбі

«BEIBARYS» - «HUMO»

«AQTOBE» - «ALMATY»

«NOMAD» - «SARYARQA»

27 қыркүйек, Сейсенбі

«NOMAD» - «SARYARQA»

«QULAGER» - «TORPEDO»

«GORNYAK» - «ERTIS»

28 қыркүйек, Сәрсенбі

«QULAGER» - «TORPEDO»

«GORNYAK» - «ERTIS»

29 қыркүйек, Бейсенбі

«BEIBARYS» - «ALMATY»

«AQTOBE» - «HUMO»

30 қыркүйек, Жұма

«BEIBARYS» - «ALMATY»

«AQTOBE» - «HUMO»

«ARLAN» - «SNEJNYE BARSY»

1 қазан, Сенбі

«ARLAN» - «SNEJNYE BARSY»

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.