Өткен маусымда Pro Ligasy командаларында ойнаған алты ойыншы өз күшін «Барыста» сынамаққа бел буды.
Бір маусымға екіжақты келісімшарт жасасқан ойыншылар: қақпашы Джелал-ад-Дин Амирбеков, қорғаушылар Тамирлан Гайтамиров пен Мади Диханбек, сондай-ақ шабуылшылар Андрей Рунов, Абай Маңғысбаев пен Диас Гусейнов.
Гусейнов өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша «Номадтың» үздік бомбардирі, ал Рунов «көшпенділердің» үздік мергені болғанын айта кету керек.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.