17 қараша күні Рудныйда «Горняк»-«Алматы» матчының үшінші кезеңінің алдында қонақтардың қорғаушысы Александр Долгушев қиын жағдайға душар болды. Спортшы есінен танып қалып, шұғыл ауруханаға жатқызылды. Дәл қазір Александрдың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Жақын уақытта ойыншы ауқымды медициналық тексеруден өтіп, нақты диганоз қойылады.
Бұл жағдайға қатысты Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Андрей Сачук пікір білдірді:
- Өкінішке орай, кәсіпқой спортта мұндай жайттар болып тұрады. «Горняктың» медицина мамандарының, сондай-ақ матчта кезекші болған жедел жәрдем бригадасының жылдам әрекет етуінің арқасында қорқынышты ешнәрсе орын алған жоқ. Бізге хабарлағандай, Александр өз-өзіне келді, алайда болған жайттың себебін анықтау үшін толыққанды тексеруден өтуі тиіс. Қазір біз «Алматымен» ұдайы байланыста отырмыз, ары қарай да жағдайды бақылап отырамыз. Бұған дейін айтқанымдай, біз үшін спортшылардың денсаулығы бірінші орында. Александрға тезірек сауығып, қатарға қосылуын тілейміз.