Нұр-Сұлтанда төрешілер жиыны өтуде

8 tamyz
1428

7 тамыз күні «Барыс» спорт кешенінің аренасында Қазақстан хоккей федерациясының арбитрлеріне арналған жыл сайынғы жиындар басталды.

7 және 11 тамыз аралығында ОЖЖ алдағы маусымда Қазақстан чемпионаты мен жастар кубогінің, сонымен қатар балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы ел чемпионаты матчтарына қызмет ететін төрешілерге арнап өткізіледі. 12 және 17 тамыз аралығында ProHokeiLigasy төрешілері жұмысты бастайды.

ОЖЖ-ға сондай-ақ Құрлықтық хоккей лигасының вице-президенті және бас арбитрі Алексей Анисимов, сонымен қатар Ресей хоккей федерациясының төрешілер басқармасының басшысы және Жоғарғы хоккей лигасының бас арбитрі Михаил Карпушин қатысады деп күтілуде.

Жиындар аясында барлық қатысушылар медициналық тексеруден өтіп, физикалық қалыпты бағалау үшін мұз бен залда тест тапсырады, сонымен қатар ИИХФ ережелері бойынша білімді тексеретін тестілеуден өтеді. Қағидалардағы өзгерістерді зерделеуге айрықша мән беріледі.

Айтып өтетін жайт, іс-шараларға алғаш рет қыздар қатысады. ОЖЖ аясында өз күшін Алина Умрихина, Мария Середа, Эльвира Даирова және Марина Поздеева сынап көрмекші. 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.