БАҚ-ты маусымға аккредиттеу басталды

3 tamyz
1732

Қазақстан хоккей федерациясы БАҚ өкілдерінен 2022/23 жылдар маусымына аккредитация алуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Аккредитация сізге қазақстандық хоккей лигаларының матчтарын, соның ішінде тамыз айында өтетін Қазақстан Кубогін БАҚ-та жариялау үшін еліміздің мұз ареналарына баруға мүмкіндік береді.

Аккредиттеу үшін сізге press@icehockey.kz поштасына өтінім-хат жіберу қажет. Хаттың тақырыбында міндетті түрде «2022/23 маусымға аккредиттеу» деп жазу керек.

Егер сіз ҚР Кубогі матчтарын жариялауды жоспарласаңыз, хат тақырыбында «2022/23 + ҚР Кубогі маусымына аккредиттеу» деп жазу қажет.

Өтінімде келесі ақпарат көрсетілуі тиіс.

1) Т. А. Ә.

2) Байланыс нөмірі

3) Email

4) Қала

5) БАҚ атауы

6) БАҚ туралы қысқаша ақпарат

7) Редакциялық куәлік немесе БАҚ-тан ресми хат

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 30 тамыз.

Әрі қарай өтінімдер өңделіп, сіздің кандидатураңызды түпкілікті мақұлдау үшін клубтарға жіберіледі. Бейдждерді беру туралы ақпаратты чемпионат басталғанға дейін клубтардың баспасөз қызметі жариялайды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.