26 және 29 шілде аралығында Мәскеуде ЖХЛ және Жастар ХЛ хоккей арбитрлеріне арналған семинар болып өтті. Іс-шарада Қазақстан хоккей федерациясынан төрт арбитр төбе көрсетті.
Семинарға бас төрешілер Владимир Суслов пен Андрей Коровкин, сондай-ақ желілік арбитрлер Владислав Машенькин мен Дамир Даиров қатысты.
Жиындар бағдарламасына мұздағы және жаттығу залындағы түрлі тесттер, қағидалардағы өзгерістер бойынша теориялық сабақтар, психологпен жұмыс, матчтар кезінде бапкерлермен, инспекторлармен, түрлі мамандармен өзара жұмыс жасау және басқалары кірді.
- Көптеген жігіттермен біз Жастар хоккей лигасында жұмыс жасап үлгердік, сондықтан тіл табысу қиындық туғызбады, - дейді Владимир Суслов. – Көптеген қызықты дүниелер болды. Психологтармен жұмыс жасадық, төрешілер матчтар кезінде бапкерлермен қалай жұмыс жасауы керектігін тағы бір рет талқыладық. Бұл өте маңызды. Жиындардың қорытындысы бойынша біз барлық нормативтерді «өте жақсы» деген бағаға тапсырдық. Енді алынған тәжірибені қазақстандық әріптестерге табыстауға тырысамыз.
- Жақсы әсер алдық, жұмысқа деген зор құлшыныс сезіледі, - дейді Владислав Машенькин. – Барлығы тамаша физикалық қалыпта келді. Біз жаңа арбитрлермен таныстық, көптеген пайдалы ақпарат алдық.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.