Мальгин мен Нечвиенко бір де бір шайба өткізбеді, Бейбарыс Теміртауда жеңіске жетті. 17 қарашадағы матчтарға шолу

17 qarasha
1317

"Бейбарыс" «Теміртауды» жеңу үшін көп тер төкті. «Ақтөбе» мен «Горняк» ең аз есеппен жеңіске жетті. Маусымның Өскемендегі алғашқы ойынында «Торпедо» басым түсті.

"Теміртау" өз алаңындағы «Бейбарысқа» қарсы матчта тәртіп бұзбай, жинақы ойнап, алаңнан бір ғана ойыншысы аластатылды. Алайда бұл Роман Козловтың командасына қатарынан үшінші рет жеңіске жетуге көмектеспеді. Атыраулықтар екі рет ұтымды сәт ұйымдастырды, «Бейбарыстың» соңғы шебінде Алексей Иванов сенімді ойнап, 29 соққыға тойтарыс берді.

"Теміртау" – "Бейбарыс" 1:2 (0:1, 1:1, 0:0)

0:1 – 08:06 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал.)

0:2 – 27:07 – Бакика (Гарифулин)

1:2 – 36:17 – Пальмтаг (Нероев, Кулиев)

Қақпашылар: Еремеев – Иванов

«Снежные Барсы» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтың тағдырын үшінші кезеңнің ортасына қарай қонақтар салған бір ғана шайба шешті. Алаң иелерінің есепті өз пайдаларына өзгертуге бар мүмкіндігі болды, дегенмен Дмитрий Мальгин дес бермеді. Қонақ команданың қақпашысы қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс беріп, өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша турнир кестесінің ең соңғы қатарында тұрған Алексей Коршковтың командасы жоғары көтерілді.

"Снежные Барсы" – "Ақтөбе" 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 47:39 – Смирнов

Қақпашылар: Калмыков – Мальгин

«Горняк» пен «Алматының» ойынында қақпаларға бір ғана шайба өтті. Александр Воронин кездесудің екінші минутында-ақ көзге түсті, алайда ары қарай командалар таблодағы есепті өзгерте алмады. Рудныйлықтардың қақпашысы Вячеслав Нечвиенко қақпаға бағытталған 28 соққының барлығына тойтарыс берді.

"Горняк" – "Алматы" 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

1:0 – 01:49 – Воронин

Қақпашылар: Невчиенко - Полуэктов

Өскемендегі алғашқы ойында «Торпедо» басым түсті. Олег Болякиннің ойыншылары ойын барысын ұдайы бақылауда ұстап, қарсы қақпаға 48 соққы бағыттап, оның 4-еуі нәтижелі болды. Нәтижесінде, чемпионат көшбасшысы қатарынан 13 ойынды жеңіспен аяқтады.

"Алтай Торпедо" – "Торпедо" 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

1:0 – 10:23 – Колобов (Тихомиров) ГБ

1:1 – 12:04 – Шин (Юксеев, Виноградов)

1:2 – 25:25 – Мерескин (Сироткин, Угольников)

1:3 – 32:59 – Савицкий (Кучин, Шин)

1:4 – 52:01 – Гурин (Архипов, Тымченко)

Қақпашылар: Нурек – Шутов