Pro Ligasy-ның үздік шабуылшысы Барыспен келісімшарт жасасты

15 shilde
1214

«Барыстың» баспасөз қызметі шабуылшы Михаил Рахменовпен сынама келісімшарт жасалғанын жария етті.

Танымал қазақстандық шабуылшы өзінің мансап жолында Қазақстан чемпионатының түрлі клубтарында ойнады. Соңғы екі жылын Михаил қарағандылық «Сарыарқада» өткізді. Өткен маусымның 61 кездесуінде (плей-оффтағы 17 ойынды қосқанда) Рахманов өз есебіне 78 (38+40) ұпай жаздырып, Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысы атанды.

Форвардпен сынама келісімшарт 2022 жылдың 31 тамызына дейін күшінде болмақ.