Humo Қазақстан чемпионатына оралады

12 shilde
2387

Pro Hokei Ligasy-ның алдағы маусымдағы қатысушыларының бірі өзбекстандық «Humo» клубы болмақ.

Өзбекстан хоккей федерациясымен түбегейлі келісімге қол жеткізілді. Жақын уақытта қатысу шарты мен басқа да нормативтік құжаттар рәсімделеді.

Еске сала кетейік, ташкенттік команда бұған дейін Қазақстан чемпионатына қатысқан болатын. Алғаш қатысқан 2019-20 жылғы маусымда «Humo» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша оныншы орын алды.

Андрей Сачук, QHL басқарушы директоры

- «Хумоның» оралуы біздің чемпионатқа оң ықпал етеді. Дұрыс бәсекенің әлі ешкімге зияны тиген емес. Ташкенттен келген клуб өздерінің алғашқы маусымдарынан кейін-ақ Pro Hokei Ligasy қатысушылары қатарында қалғысы келген болатын, алайда «ковидтік» шектеулер аяққа тұсау салды. Ал қазір барлығы жақсы болады және «Хумоның» оралуы екі жақтың да хоккейінің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз. Бәлкім бұл жайт ҚР чемпионатына қатыса алатын басқа да шетелдік командалардың қатысуына түрткі болатын шығар. «Хумо» тамыз айының екінші жартысына жоспарланған Қазақстан кубогіне де қатысқалы отыр.

Баходир Гафуров, Өзбекстан хоккей федерациясының бірінші вице-президенті

- «Хумо» ойынға оралады. Алдағы маусымда клуб коронавирус пандемиясымен байланысты екіжылдық үзілістен кейін Pro Hokey Ligasy-ндағы ойынын жалғастырады. Бұл жаңалықты Өзбекстан мен Қазақстанның хоккейсүйер қауымы қуана қабылдайды деп үміттенеміз. Қазақстан чемпионатына мықты, төселген командалар жиналған және жалпы біріншіліктің деңгейі айтарлықтай жоғары. Турнирге «Хумоның» қатысуы елімізде хоккейдің әрі қарай танылуы мен дамуына ықпал ететініне сенімдімін.