Аптадағы ауысулар

17 qarasha
1534

ҚХФ бапасөз қызметі соңғы аптада Pro Ligasy командаларының құрамында болған ең қызықты өзгерістер туралы жарияланымдар топтамасын бастайды.

Ең соңғы жаңалық – Сергей Мирошниченко «Ертістің» бас бапкерлігі қызметінен кетті. Оның жетекшілігімен павлодарлық ұжым ағымдағы маусымның бес ойынында жеңіске жетіп, 15 ұпай жинады. Қазіргі таңда «Ертіс» турнир кестесінде сегізінші орынды иеленіп отыр.

Ауыс-түйістер «Арланның» сапында да орын алды. «Бөрілердің» бапкерлік штабында Андрей Залипятских Рустем Нефедовты алмастырды. Сондай-ақ клуб құрамынан қорғаушы Дмитрий Мегалинский кетті. «Арланға» шабуылшы Абылай Дастан оралды.

"Бейбарыс" бірден бес ойыншымен: қақпашы Валерий Севидовпен, қорғаушылар Евгений Пашковпен және Никита Поляковпен, сондай-ақ шабуылшылар Иван Золотухинмен және Данил Третьяковпен қош айтысты. Голкипер Алексей Ивановпен, қорғаушы Михаил Дыньковпен және шабуылшы Артём Гарифулинмен келісімшарт жасалды.

«Құлагердің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, клубтан қорғаушы Роман Смирнов кетті.

«Сарыарқа» екіжақты келісіммен Никита Двуреченскиймен және Александр Сметанинмен келісімшартты бұзды. Қарағандылық клубтың құрамы шабуылшылар Никита Жуков пен Муса Гусейнов толықтырды.