Сарыарқаның Құрлықтық кубок бойынша қарсыластары анықталды

24 maýsym
1248

Құрлықтық кубокке Pro Hokei Lihasy чемпионы «Сарыарқа» үшінші раундтан бастап қатысады.

Сары-қаралар Е тобына түсті, оның матчтары Кардиффте (Ұлыбритания) өтеді. Қарағандылықтарға қарсы «Кардифф Девилз» (Ұлыбритания), «Земгале» (Латвия) ойнайды. Топтың төртінші командасы 16 қазан күні С тобының нәтижелі белгілі болған кезде анықталады. Осы топтың жеңімпазы Сарыарқаның қарсыласы атанады. Әлеуетті қарсыластар – «Анже Дакс» (Франция), «Ференцварош» (Венгрия), «Чиксереда» (Румыния).

Құрлықтық кубокке 20 елден 20 клуб қатысады. «Сарыарқа» турнирдің қазіргі күміс жүлдегері. Құрлықтық кубокті жеңіп алған жалғыз қазақстандық команда – көкшетаулық «Арлан».