Рыжий мен Закарлюкин «Құлагерге» өтті

9 maýsym
2143

Петропавлдық ұжым құрамы екі хоккейшімен толықты. Атыраулық «Бейбарыстан» «Құлагерге» қорғаушы Илья Рыжий мен шабуылшы Алексей Закарлюкин өтті.

Рыжий соңғы екі жылда «Бейбарыс» үшін ойнады. Өткен маусымда қорғаныс ойыншысы 46 матч өткізіп, нәтижелілігі үшін 13 (4+9) балл жинады.

Закарлюкин өткен маусымды өз деңгейінен әлдеқайда төмен ойнады және команда ауыстыруға бел буды. 44 кездесу барысында 30 балға жететін мүмкіндігі бола тұра 17 (4+13) ұпай жинады.