Қазіргі Қазақстан чемпионы тағы төрт спортшымен келісімшарт жасасты.
Қарағандылықтар сапына жаңадан қосылған ойыншы – Артём Микушин. Танымал қазақстандық қақпашы өткен маусымды павлодарлық «Ертісте» өткізіп, одан кейін «Арланға» ауысты. Көкшетаулық ұжымның құрамында Микушин Қазақстан чемпионатының финалына дейін жетті.
«Сарыарқа» құрамында үшінші маусымға қорғаушы Никита Анохин қалды. Өткен кезеңде ол 39 матч ойнап, нәтижелілігі үшін 10 (5+5) балл жинады.
Петерис Скудра командасының шабуыл шебін Александр Ананичев толықтырды. Өткен маусымда ол «Бейбарыс» көшбасшыларының бірі болып, онда форвард 60 кездесуде 46 (21+25) ұпай жинады.
Сондай-ақ «Сарыарқа» менеджменті жас шабуылшы Андрей Мигурмен келісімшарт жасасты. Омбылық хоккей мектебінің өкілі өз мансабын өзі тәрбиеленген «Авангардта» өткізген болатын. Алайда 2021/22 маусымы барысында ойыншы мәскеулік «Крылья Советов» жастар командасына ауысты. Мұнда ЖХЛ-дағы 42 кездесуде Мигур 24 (11+13) ұпай жинады.