Артём Ананичев Арланда

4 maýsym
2140

Көкшетаулық «Арлан» атыраулық «Бейбарыстың» үздік шабуылшыларының бірімен келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар клуб жүйесіне 3 жас ойыншы кірді.

Шабуылшы Артём Ананичев көкшетаулық команданың шабуыл шебін күшейтті. Рудный тумасы, магниторлық хоккей мектебінің шәкірті өткен 2 маусымда атыраулық «Бейбарыс» құрамында 74 (25+49) нәтижелі балл жинады.

Көкшетаулық хоккей мектебінің өкілі Даниил Смолянский жас командаларға жасаған шағын сапарынан кейін клуб жүйесіне қайтып оралды. Көкжалдардың «жастары» үшін ойнаған 80 матчта Даниил 114 (67+47) ұпай жинады. Бірінші команда үшін бір шайба салды. Өткен маусымда оралдық «Ястребы» сапында 12 матч бойынша 11 (6+5) ұпай жинады.

«Арланның» алдағы маусымдағы тағы бір жаңа ойыншысы жас қазақстандық шабуылшы Батыр Марқабаев болмақ. «Барыс» жүйесінде JasLigasy-ның 100-ден астам матчында және ProLigasy-ның 50-ге жуық матчында ойнады.Соңғы маусымда 3 нәтижелі пас беріп, «Номадқа» өз пайдасын тигізді.

19 жастағы шабуылшы Тамерлан Бейсембиев – елордалық «Барыстың» шәкірті. Өткен маусымда Тамерлан алғаш рет кәсіби деңгейге аяқ басты. «Снежные барсы» командасы үшін 22 матчта 5 шайба салып, пайдалылық көрсеткіші -1-ді құрады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.