2026 жылғы Құрлықтық кубоктің екінші кезеңінде елордалық «Номадтың» қарсыластары мен матчтарының өтетін күндері белгілі болды.
Қазақстанның қазіргі чемпионы қатысатын турнир 13–15 қараша аралығында Италияның Азиаго қаласында өтеді. Константин Пушкарёв шәкірттерінің қарсыластары Данияның «Херлев Иглз», Румынияның «Корона Брашов» және D тобының алаң иесі «Азиаго» командалары болмақ.
Ал Францияның Руан қаласында өтетін С тобында алаң иелерінен бөлек, Польшаның «Катовице», Ұлыбританияның «Белфаст Джайантс» және Латвияның «Мого» клубтары бақ сынайды. Әр топтан үздік үш команда финалдық кезеңге жолдама алады.
«Номад» матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі:
14 қараша, 00:00 – «Азиаго» – «Номад»;
14 қараша, 20:30 – «Номад» – «Корона Брашов»;
15 қараша, 20:30 – «Номад» – «Херлев Иглз».
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Nomad
Arlan
Saryarqa
Qulager