Сиксна мен Борисевич Сарыарқада қалады

3 maýsym
1881

Ел чемпионы өз құрамында капитаны мен мықты шабуылшысын сақтап қала алды.

Екі маусым қатарынан Pro Ligasy-ның үздік қорғаушысы атанған Эдгарс Сиксна қарағандылық жанкүйерлерді өз ойынымен қуантуды жалғастырады. Өткен маусымда «Сарыарқа» капитаны 63 матч ойнап (плей-оффтағы 17-сін қосқанда), 61 балл (11+50) жинады және өз амплуасында чемпионаттағы ең нәтижелі ойыншы болды.

Сондай-ақ Қазақстанның шахтерлер астанасындағы командада жергілікті тәрбиеленуші Александр Борисевич қалады. Өткен маусым әмбебап форвардтың мансабындағы үздік кезең болды (45 ойындағы 50 ұпай), сондықтан «Сарыарқа» менеджерлері тарапынан келісімшарттың ұзартылуы қисынды.

Петерис Скудраның ұжымындағы жаңа ойыншы – қазақстандық жанкүйерлерге «Құлагердегі» ойынымен жақсы таныс Дмитрий Исмагилов. Бәлкім, ол ең жылдам ойыншы емес шығар, алайда қолының ептілігі мен ойын өрнегін пайымдауы жылдамдықтың жеткіліксіздігін оп-оңай жуып-шаяды. Өткен маусымды форвард Құрлықтық кубоктің финалдық турнирінде «Сарыарқаны» артта қалдырған польшалық «Краковия» құрамында аяқтады.

Өскеменнен Қарағандыға Иван Гавриленко ауысты. Бірнеше мәрте ересек командаларға тартылған перспективалы қорғаушының жастар деңгейінен өсіп кеткені анық. Енді ол өзін жаңа ұжымда көрсетуге мүмкіндік алды. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.