«Арлан» трансферлік нарықта белсенді жұмыс жасауда. Көкшетаулық ұжым төрт хоккейшімен келісімшарт жасасты. «Көкшеліктер» сапында келесі маусымды Егор Кабатаев, Алексей Клочков, Платон Попов және Иван Захарчук өткізеді.
Кабатаев өткен маусымда Jastar Ligasy-да елордалық «Барыс» көшбасшысы болды. 2021/22 маусымын жас шабуылшы венгриялық «Дунайвароште» өткізді.
Клочков өткен тұрақты чемпионатты «Бейбарыста» айтарлықтай нәтижелі өткізді. 32 матч барысында форвард 30 (15+15) ұпай жинап, плей-оффта бұған 5 балл қосты.
Жастар ХЛ деңгейінде жақсы ойнаған және ЖХЛ-дың «Хумо» және «Сокол» командаларында ойнау тәжірибесі бар Попов «Арланға» жылдамдықты қосады.
Тәжірибелі Захарчукпен келісімшарт жасалуы қызықты көрінеді. Өткен маусымда шабуылшы перьмдік «Молотта» 45 кездесуден 19 (8+11) ұпай жинаған болатын.
Фото – «Сочи» ХК, «Хумо» ХК
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.