Барыс төрт ойыншыға қатысты құқығын бекітті

1 maýsym
2163

«Барыс» жүйесінің төрт спортшысы өз клубының біліктілік ұсыныстарын қабылдады.

Олардың арасында қорғаушылар Эдуард Шетле, Кирилл Никитин, Артём Авдеенко және шабуылшы Әлихан Өмірбеков бар.

Шетле, Никитин және Өмірбеков өткен тұрақты маусымды «Снежные Барсы» командасында өткізді. Эдуардтың есебінде 46 матч бойынша 11 (3+8) ұпай бар. Кирилл өз қоржынына 42 кездесудегі 8 нәтижелі пас беруді жазды. Капитан рөлін атқарған Әлихан 11 шайбамен команданың үздік сұрмергені атанды.

Авдеенко өткен маусымның көп бөлігін «Барыс» жастар командасында өткізіп, онда қорғаныс шебіндегі көшбасшылардың бірі болды. 40 матч барысында ол нәтижелілік үшін 18 (3+15) балл жинады. Айтып өтетін жайт, Артём Словакиядағы әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының үздік ойыншысы атанды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.