Төрт ойыншы Арланның біліктілік ұсыныстарын қабылдады

31 mamyr
1414

Көкшетаулық ұжым өткен маусымда «көкшеліктердің» намысын қорғаған төрт спортшыға деген құқығын сақтап қалды.

«Арланның» біліктілік ұсыныстарын қорғаушы Эдуард Михайлов, сонымен қатар шабуылшылар Александр Меньщиков, Даниил Половников пен Айдар Құсайын қабылдады.

Михайлов өткен маусымда Қазақстан чемпионатында «Арлан» үшін 38 матч ойнап, оның барысында 12 (2+10) ұпай жинады.

Меньшиков 51 матч өткізіп, өз қоржынына 34 (9+25) балл салды.

Половников 56 кездесу барысында 9 (3+6) ұпай жинады.

Құсайын 21 ойынға қатысты, 3 рет нәтижелі пас берді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.