Хоккейден Қазақстан чемпионаты алты матчпен жалғасын табады.
Металлургтер қаласында «Теміртау» мен «Бейбарыс» екі матч өткізеді. Есепке сүйенсек, бұл кездесудің фавориті – лигада жоғалтқан ұпайлары бойынша екінші орында келе жатқан сары-қаралар. «Бейбарыс» Қарағандыдағы екі жеңілістен кейін плей-офф аясынан тыс қалып отыр.
Елордада лиганың аутсайдерлері «Снежные Барсы» мен «Ақтөбе» ойнайды. Қос команданың да биылғы тұрақты чемпионатқа басқан қадамдары аса сәтті болмады. Жүзбе-жүз кездесулер – қос ұжым үшін де қоржындарын толтырудың таптырмас мүмкіндігі.
"Горняк" Рудныйда «Алматыны» қабылдайды. Сергей Невструевтің командасы әзірге кубокқа таласатын сегіздіктің айналасында жүр. Алматылықтар түздегі ойындары аясында төрт матчтың үшеуінде жеңіліс тапты.
Маусымның алғашқы жергілікті жарысы Өскеменде өтеді. Онда чемпионаттың сөзсіз жеңімпазы «Торпедо» мен 11-ші орынды иеленіп отырған «Алтай Торпедо» ойнайды. Алдағы кездесулерде алаң иелері – Виктор Богатырёвтің командасы болмақ.
Араға екі апта салып, «Арлан» мен «Сарыарқа» қайта жолығады. Бұл жолы ойындар Көкшетауда өтеді. Бұл командалардың Қарағандыдағы тартыстарында Александр Соколовтың ойыншыларының асығы алшысынан түсіп, төрт ұпай жинады.
«Құлагер» өз алаңында «Номадты» қабылдайды. Екі ұжымның да кезекті ойын алдындағы бабы жаман емес, әрқайсысы соңғы матчтарында жеңіске жеткен болатын.