Трансфер жаңалықтары. Құлагер

31 mamyr
1840

Петропавлдық клуб келесі маусымға құрам жасақтауын жалғастыруда.

«Құлагердің» біліктілік ұсыныстарын Ярослав Хрипков пен Даниил Васильев қабылдады. Қос қорғаушы да өткен маусымды Петропавлда өткіздік. Хрипков 43 матчта 5 (1+4) ұпай, Васильев 48 кездесуде 16 (4+12) балл жинады.

Дмитрий Макеев те солтүстікқазақстандық ұжымнан біліктілік ұсынысын қабылдады.

«Құлагер» сондай-ақ Кирилл Пакпен келісімшарт жасасты. 2021/22 маусымында қорғаныс ойыншысы павлодарлық «Ертіс» үшін өнер көрсетті. 33 ойында ол 12 (2+10) балл жинады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.