Румянцев Южный Уралға, Колесников АКМ-ға өтті

31 mamyr
1857

Жанкүйерлерді Pro Ligasy клубтарының құрамдарындағы өзгерістер туралы хабардар етуді жалғастырамыз.

Өткен Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы Илья Румянцев мансабын ЖХЛ-дың «Южный Урал» клубында жалғастырады. Румянцев екі маусымға толар-толмас уақыт ішінде «Арланның» нағыз көшбасшысына айналды. Өткен Pro Ligasy плей-оффында Илья 17 матчтың 10-ын жеңіп, бұл ретте соққылардың 94,6%-ына тойтарыс берді (СК – 2,1). Мамыр айында қақпашы Қазақстан құрамасының сапында элиталық дивизионда өткен әлем чемпионатында дебют жасады. Айта кетейік, өткен маусымды Орскіде Қазақстан құрамасының тағы бір қақпашысы Сергей Кудрявцев өткізді.

Никита Колесников Атырауды Тулаға ауыстырды. Өткен маусымда форвард «Бейбарыс» үшін жалпы 55 матч ойнап, өз қоржынына 44 (23+21) балл жиды. Бұған дейін «АКМ» құрамын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Евгений Рымарев толықтырса, тулалық команданың бас жаттықтырушысы – қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Дмитрий Крамаренко.  


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.