Елордалық «Барыс» клуб жүйесіндегі үш жас қақпашыға өз құқығын сақтап қалды.
Біліктілік ұсыныстарын Роман Калмыков, Владислав Пестов пен Юргис Дубинскас қабылдады. Үшеуі де «Барыс» БЖСМ түлектері.
Калмыков өткен маусымда «Номад» үшін 20 матч ойнады. Ол соққылардың 88.7%-ына тойтарыс беріп, орта есеппен 3 шайба өткізді.
Пестов екі жыл бойы «Снежные Барсы» командасында өнер көрсетті. Өткен маусымда Владислав соққылардың 90,9%-ына тойтарыс берді, СК - 3.51.
Дубинскас маусымның көп бөлігін Jastar Ligasy-нда чемпиондыққа қол жеткізген «Барыс» жастар командасында өткізді. Плей-оффта Юргис команда көшбасшыларының бірі болды. Жеті матчта ол барлығы 9 шайба (СК – 1,35) өткізіп, бұл ретте соққылардың 92.7%-ына тойтарыс берді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.