«Авангардтық» Кирилл Казаков, Максим Грязнов, Виктор Селивёрстов пен Михаил Дыньков «Арланмен» келісімшартқа қол қойды.

29 mamyr
1978

Омбылық хоккей мектебінің шәкірті Кирилл Казаков көкшетаулық клубпен келісімшартқа қол қойды.

Казаков 4 маусым бойы Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін омбылық «Ястребтер» намысын қорғады. 159 матчта +30 пайдалылық көрсеткішімен 77 (33+44) балл жинады және 40 айып минутын алды. Кейін форвард басты клубпен екіжылдық келісімшарт жасасты, алайда бір де бір матчта ойнамастан, ангарлық «Ермакқа» ауыстырылды. ЖХЛ-да Казаков 50 матч ойнап, 14 ұпай иеленді.

Голкипер Максим Грязнов қазақстандық жанкүйерлерге кеңінен таныс. Грязнов Қазақмыс, Барыс, Сарыарқа, Беркут, Горняк, Астана, Ертіс, Южный Урал, Бейбарыс клубтарында, U-18 және U-20 Қазақстан құрамаларында ойнады. Басты марапаты – 2017 жылғы Қысқы универсиададағы күміс медаль. Өткен маусымды Максим петропавлдық «Құлагер» сапында өткізіп, 2,75 сенімділік коэффициентімен 1534 минут ойнады.

Көкжалдардың екінші голкипері клубқа қарағандылық «Сарыарқадан» өткен Виктор Селивёрстов болмақ. Жас ресейлік голкипер – челябілік «Трактордың» тәрбиеленушісі қазақстандық чемпионатқа өтпей тұрып, тек челябілік хоккей командалары үшін ойнаған болатын. Pro ligasy-ның екі маусымы бойы кипер «Теміртау» ХК мен «Сарыарқа» ХК-ның намысын қорғады.

Көкшетаулықтардың қорғаныс шебі де жаңа ойыншымен толықты. Соңғы екі маусымда атыраулық «Бейбарыс» үшін ойынымен есте қалған Михаил Дыньков «Арланға» өтті. Қазақстандық чемпионатқа ойысардың алдында Дыньков ЖХЛ-дағы түрлі клубтар үшін 275 матч өткізіп, олардың құрамында 43 ұпай жинады. Pro Ligasy-да көрсеткіштері 90 матчтағы 34 ұпайға тең, сенімділік көрсеткіші +39.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.