Сарыарқа ҚХЛ-да тәжірибесі бар 3 қорғаушымен келісімшарт жасасты

29 mamyr
2270

Қарағандылық қырандар трансфер нарығында белсенділігін төмендетпей отыр.

Қарағандылық клуб қорғаушылар Захар Шабловскиймен, Егор Огиенкомен және Артём Швайковскиймен келісімшарттар жасасты.
«Автомобилист» жастарының жиырма жастағы қорғаушысы Артём Швайковскийдің ЖХЛ деңгейіндегі біршама ойын тәжірибесі бар. «Авто» үшін ойнаған 174 матчта Швайковский 31 ұпай жинады. Сондай-ақ Артём U-17 Ресей құрамасының құрамында болды.

Швайковскиймен қатар Егор Огиенко «қырандардың» кезекті жаңа ойыншысы атанды. Швайковскиймен салыстырғанда, Огиенко Ресей хоккейінің барлық кезеңдерінен өтті: Жастар ХЛ-да, ЖХЛ-да және ҚХЛ-да ойнады. «Красная звезда» құрамындағы 256 матчта мәскеулік хоккей мектебінің тәрбиеленушісі 80 (34+46) ұпай жинады. Огиенконың қоржынында ЖХЛ-дағы 179 матч пен ҚХЛ-дағы 10 матч бар. Өткен маусымды Огиенко «Могилев» ХК (Беларусь, Экстралига) құрамында өткізді.

Захар Шабловский Құрлықтық хоккей лигасында мәскеулік «Спартак» құрамында 20 ойын өткізіп, 1 нәтижелі балл иеленді. Мансап жолының көп бөлігін Шабловский нижегородтық «Торпедоның» фарм-командалары құрамында өткізді. Жастар лигасында солақай қорғаушының нәтижелілігі әлдеқайда жақсы болған: 147 матчта Захар 91 ұпай жинаған болатын. «Қырандармен» келісімшартқа қол қояр алдында Шабловский латвиялық «Лиепая» клубында ойнады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.