Бірқатар ойыншы Құлагердің біліктілік ұсынысын қабылдады

28 mamyr
1767

Владимир Капуловский мен Владимир Князевтің бапкерлер штабы маусымаралықта мықты іріктеу жұмысын жүргізіп жатыр.

«Құлагер» өз ойыншыларына бірқатар біліктілік ұсыныстарын жасады.

«Құлагер» сапында үшінші маусымын қатарынан шабуылшы Никита Сиденко өткізбекші. Сиденконың мұхит асып, өз күшін GMHL және FPHL ойындарында сынап көргенін айта кету керек. «Құлагерде» өткізген 2 маусым ішінде шабуылшы 31 ойын өткізді. -7 пайдалылық көрсеткішімен 1 шайба салды.

Никита Сиденкомен қатар «Құлагерде» Никита Емельянов та қалды. Жас шабуылшы үшін ағымдағы маусым ересектер деңгейінде ойнағалы отырған алғашқы толыққанды маусым болмақ, себебі Емельянов «лимитшілер» қатарында енді жоқ. Өткен 2 маусымда Никита 45 рет мұзға шығып, 2 ұпай алды.

Иван Казаченко мен Роман Поляничев команда намысын алдағы маусымда да қорғайтын болады.
Өткен маусым Казаченко үшін мансабындағы ең нәтижелісі болды. Бір жылдық үзілістен кейін форвард 36 матчта 22 (12+10) ұпай жинады.

Поляничев те Казаченко сияқты клубтың біліктілік ұсынысына қол қойды. Өткен маусымда Роман 27 матчта 19 ұпай жинады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.