Иван Зинченко Ақтөбеден кетті

27 mamyr
1310

Қызыл-қаралар сапында 4 маусымды өткізген шабуылшы Иван Зинченко клубтан кетті.

Мәскеулік хоккей мектебінің шәкірті «Жастар» жастар хоккей лигасында алғаш рет 2018-2019 жылғы маусымда пайда болды. Жастар лигасының алғашқы маусымында 36 ойын өткізіп, Иван 132 (64+68) ұпай жинады.

Одан кейінгі маусымның көп бөлігін Зинченко жастар лигасында өткізіп, бірінші командаға аяқ басты, онда 20 ұпай жинады.
Соңғы 2 маусымды форвард бірінші командада өткізді. Ересектер деңгейінде Зинченко 107 матч өткізіп, 97 (46+51) ұпай жинады.
Иван Pro Ligasy аясында және Parimatch – Qazaqstan Qybogy ойындарында екі рет үздік жас ойыншы атанды, ай қорытындысы бойынша да бірнеше мәрте үздік атанды.