Хоккейден кезекті Қазақстан чемпионаты басталысымен бір айға жуық уақыт өтті. Pro Ligasy командаларының ойындары бойынша кейбір статистикалық қорытындыларды жасайтын кез келді.
Қазіргі таңда чемпионаттың аралық чемпионы – «Торпедо». Өскемендіктер әлі бір де бір матчта жеңілген жоқ, осылайша 34 балл (негізгі уақытта 10 жеңіс, овертаймда 2) жинады. Олег Болякиннің командасы сондай-ақ лигадағы ең нәтижелі ұжым болып отыр – 12 кездесуде 52 шайба салынған.
Қазіргі таңда екінші орында «Номад» келе жатыр (екі рет жеңіліп, 28 ұпай жинады). Александр Высоцкий командасының чемпионатқа басқан қадамы жаман емес, бірнеше ірі жеңістерге қол жеткізіп, енді көшбасшыны өкшелеп қуып келеді.
Үздіктер үштігіне «Теміртау» кірді (24 ұпай), алайда жас ұжымның әлі де ойнайтын екі матчы бар. Роман Козловтың командасы биылғы чемпионатта тек «торпедолықтарға» есе жіберді.
"Сарыарқа" әзірге чемпионаттың ең аз шайба өткізген командасы болып отыр. Қарағандылықтар он кездесуде өз қақпасына 17 шайба өткізді. Кейінге қалдырылған старттан кейін Александр Соколовтың ұжымы қарқын алып, төртінші орынға шықты.
Салынған және өткізілген шайбалар арасындағы ең нашар айырмашылық «Ақтөбе» командасында (-23). Алексей Коршковтың командасы негізгі уақытта небәрі бір рет жеңіске жетті және қазіргі таңда лиганың турнир кестесінің ең соңғы қатарында тұр.
Қазіргі сәтте чемпионаттың үздік бомбардирі әрі сұр мергені Александр Шин болып отыр. «Торпедоның» шабуылшысының қоржынында 13 (9+4) ұпай бар, оның үш шайбасы көпшілікпен салынды.
«Торпедоның» тағы бір өкілі Александр Юксеев лиганың үздік ассистенті болып табылады. Ол он рет нәтижелі пас беріп, өз статистикасына екі гол қосты. Бұл нәтиже Юксеевті қорғаушы-бомбардирлер тізімінде бірінші орынға шығарады.