Трансфер жаңалықтары. Сарыарқа

27 mamyr
1781

​Келісімшарттарға қол қоюмен байланысты алғашқы трансфер жаңалықтары қазіргі чемпион «Сарыарқа» сапынан келіп жетті.

Қарағандылық ұжым шабуылшылар: Андрей Лагуновпен, Владимир Боровковпен және Кирилл Беляевпен келісімдер жасасты.

Беляев «Сарырқада» екі жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол 26 (10+16) нәтижелі балл жинап, команданың алтын медаль алуына өз үлесін қосты.

Лагунов өткен маусымда «Алтай Торпедо» көшбасшыларының бірі болды және өзін бірінші кезекте жақсы диспетчер ретінде байқатты (маусым бойы 25 пас берді + 8 гол салды).

«Арланнан» өткен шабуылшы Боровковпен келісімшарт өз жемісін беретінге ұқсайды. Владимир бірінші маусымнан-ақ біздің чемпионатқа бейімделді. Соңғы бес жылда ол кемінде 28 ұпай жинады және қарағандылықтардың шабуыл шебіндегі топ-6-ға кіруге әбден лайық.

«Арланмен» алмасу шарты бойынша «Сарыарқа» құрамын алдағы маусымда Арсений Борисов толтырғалы отыр. Қорғаушы ProLigasy-ға енді бейімделе бастады, алайда өз отаны Беларусьте ол әрдайым алдыңғы қатарда жүретін.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.