Рудныйлық клуб келесі маусымда ойнайтын спортшылармен алғашқы келісімшарттарды тіркеді.
Қатарынан үшінші жылын «Горнякта» голкипер Никита Акулинин өткізеді. Өткен чемпионатта ол 33 матч ойнап, соққылардың 90,8%-ына тойтарыс беріп, орта есеппен 3,1 шайба өткізді.
Рудныйға командағылардың «көкесі» Александр Куршук оралды. Аса таныстыруды қажет етпейтін тәжірибелі қорғаушы 2021/22 маусымының қорытынды бөлігінде «Арланда» жалдау шартымен ойнады. «Горнякта» тағы бір танымал қорғаныс ойыншысы Александр Нурек қалды.
Келісімшартын өткен маусымды толықтай Рудныйда өткізген шабуылшы Артур Шетле ұзартты. 46 текетіресте ол нәтижелілігі үшін 19 (11+8) балл жинады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.