Кезекті жаңалықтар петропавлдық ұжым сапынан келіп жетті.
«Құлагердің» құрамына жергілікті жұртшылыққа жақсы таныс Дмитрий Хозяшев оралды. Өткен маусымда қақпашы «Бейбарысқа» чемпионаттың қола медальдарына қол жеткізуге көмектесті, оның үстіне, спортшы дәл плей-оффта бар мүмкіндігін көрсетті. Кубоктік раундта ол орта есеппен 1,83 шайба өткізіп, соққылардың 93,3%-ына тойтарыс берді.
Сондай-ақ чемпионаттың ең теріскейдегі клубы қорғаныс шебінің көшбасшысы Егор Наместниковті сақтап қалды. Өткен маусымда ол нәтижелілік үшін 20 балл жинады, бұл ретте бір де бір ойынды өткізіп алған жоқ.
Альберт Гатин бұған дейін «Құлагер» үшін ойнаған. Әдетте ол аса нәтижелі ойынымен көзге түспейді, алайда тегеурінді тартысы мен буллиттерді соғу қабілеті Гатиннің команда үшін пайдалы екенін байқатады.
Шабуылшылар шебінің жаңа ойыншыларының бірі – Қазақстанның төрт командасында ойнап үлгерген тәжірибелі Сергей Твердохлебов. Өткен маусымды соққылары мығым оңқай форвард украиналық «Мариупольде» аяқтады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.