Трансфер жаңалықтары. Ақтөбе

23 mamyr
1610

Батысқазақстандық клуб алдағы маусымға құрам жасақтауды жалғастыруда.

«Ақтөбенің» біліктілік ұсынысын Антон Некряч қабылдады. Шабуылшы өткен маусымды дәл осы команда құрамында бастап, аяқтаған болатын, алайда спортшы үшін нәтижелілік тұрғысынан аса сәтті болмағанын айта кету керек.

«Торпедо» жүйесінен «Ақтөбеге» Руслан Құрсақбаев өтті. Өзінің тегеурінді және табанды ойынымен танымал қорғаушының Михаил Шанцевой командасының қорғаныс шебін нығайта түсетіні сөзсіз. «Ақтөбенің» тағы бір жаңа мүшесі соңғы екі маусымды басқа батыстық ұжым «Бейбарыста» өткізген қорғаушы Денис Григоркевич болмақ.

Шабуыл шебін Булат Хамматов толықтырды. Орталық шабуылшы қазақстандық жанкүйерлерге әртүрлі клубтардағы ойынымен жақсы таныс. Өткен маусымды Хамматов украиналық «Днепрде» өткізді, онда Булат капитанның ассистенті болып, 19 матч барысында 12 (4-8) ұпай жинаған болатын.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.