Трансфер жаңалықтары. Арлан

22 mamyr
1694

Көкшетаулық ұжым келесі маусымға құрамын жасақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Арлан» өз құрамында команда көшбасшыларының бірі Роман Бердниковті сақтап қала алды. Форвард мансабындағы ең нәтижелі маусымын өткізіп (43 балл, олардың 9-ы плей-оффта), жаңа бапкерлер штабының назарынан тыс қалмады.

«Теміртаудан» қорғаушы Сергей Чеботов пен шабуылшы Евгений Лызин өтті. Қос ойыншы үшін де аяқталған маусым бірқалыпты өтпеді, алайда өз әлеуетімен хоккейшілер «көкшеліктер» құрамындағы керекті позицияларды өтеуге қабілетті.

Көкшетаулықтардың қорғаныс шебін жас әрі еңселі Хақназар Кеңесбай толықтырды, ол бұған дейін «Барыс» жүйесіндегі командалар үшін өнер көрсеткен болатын.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.