ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы ретінде «Сарыарқаның» шабуылшысы Дмитрий Михайлов танылды. Қарағандылықтар өз алаңында «Бейбарысты» екі рет жеңді, ал 95-ші нөмірлі ойыншы нәтижелілігі үшін 4 (3+1) балл жинады.
Бірінші ойында Михайлов қарсыластың бос қақпасына соққы беріп, қорытынды есеп орнатты. Екінші кездесуде Дмитрий есеп ашып, дубль жасап көзге түсті.
Екі жеңісінің арқасында Александр Соколовтың ойыншылары турнир кестесінде төртінші орынға шықты.