Старцев Құлагерде, Штефан Алматыда

20 mamyr
2210

Назарларыңызға Pro Ligasy клубтарының соңғы трансфер жаңалықтарын ұсынамыз.

«Құлагер» сапын қазақстандық жанкүйерге «Бейбарыс» пен «Арланның» құрамындағы ойынынан таныс Кирилл Старцев толықтырды. Өткен маусымда шабуылшы барлығы 32 балл жинады, алайда бұл – тәжірибелі сұрмергеннің ең биік межесі емес.

Степан Штефан Рудныйды Алматыға айырбастады, форвард онда 2018-19 жылғы маусымда ойнаған болатын. «Горнякта» Штефан екі жарым жылын өткізіп, өз мансабындағы ең нәтижелі кезеңді өткерді.

«Арлан» өз құрамында Владимир Гребенщиковті қалдырды. Тәжірибелі қорғаныс ойыншысы кезекті маусымын бабында өткізіп, көкшетаулықтарға финалдық серияның жетінші матчына жетуге көмектесті және жаңа келісімшартты жаңа бас бапкердің қолынан алды.

Евгений Классен өзі өсіп-өнген «Торпедодан» біліктілік ұсынысын алды. Өткен маусымда жас қақпашы өскемендік клуб жүйесіндегі үш команданың барлығында ойнап үлгерді.