Трансфер жаңалықтары. Ақтөбе

20 mamyr
2079

Алғашқы трансфер жаңалықтары «Ақтөбе» сапынан келіп жетті.

Батысқазақстандық клуб құрамына қорғаушылар Степан Александров пен Александр Дерзаев, сондай-ақ шабуылшылар Ян Хоменко мен Александр Дзедаев келіп қосылды. Барлық хоккейшілер өскемендік «Торпедо» жүйесінен өтті.

Александров пен Дерзаевтың арқасында «Ақтөбе» қара жұмыс пен бетпе-бет ойыннан қорықпайтын, оның ішінде өз қақпасының алдында да қаймықпайтын мықты қорғаушыларға ие болады.

Дзедаев өткен маусымды «Торпедода» өткізді. Жинақы оңқай шабуылшы ара-арасында артық құраммен шығып, 20 балға жуықтады (9+7).

Хоменко өткен маусымда «Алтай Торпедо» құрамында жаман ойнаған жоқ. Форвард тұрақты чемпионатта өз командасының үздік сұрмергені мен үшінші бомбардирі (26 ұпай, 15+11) атанды.