Трансфер жаңалықтары. Номад және Снежные Барсы

19 mamyr
1820

Алғашқы біліктілік ұсыныстарын елдің бас клубы жүйесінің ойыншылары қабылдады.

Елдің бас клубы өз командаларының ойыншыларына бірқатар біліктілік ұсыныстарын жасады.

Аталмыш ұсыныстарды алғашқылардың бірі болып қақпашы Роман Шефер, қорғаушылар Владислав Комаров, Александр Пелевин мен Олег Тетерин алды.

«Номадтың» капитаны Пелевин өзінің 6-маусымын көшпенділер сапында өткізеді. Александрды шабуылдайтын әлеуеті бар қорғаушы деп атауға болады. 5 маусым бойы елордалық клубта ол 26 шайба салып, 65 нәтижелі пас берді.

Олег Тетерин үшін елордадағы маусым сәтті болды. Қорғаушы оң пікірлерге ие болып, нәтижесінде елордалықтар сапына қосылуға ұсыныс алды.

Жас қақпашы Роман Шефер өткен маусымда 11 матч бойы «Снежные барсы» командасының қақпасын қорғады. Осы уақыт ішінде Роман 203 соққының 177-сіне тойтарыс берді.

Владислав Комаров маусымның көп бөлігін «Номад» құрамында өткізді. 16 матчта қорғаушы 1 ассистенттік балл алды. Сонымен қатар Владислав өткен U-20 әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын қорғады.