Назарларыңызға Pro Ligasy клубтарының соңғы трансферлік жаңалықтарын ұсынамыз.
Петропавлдық ұжым келесі маусымға құрамын жасақтауды бастады. «Құлагердің» біліктілік ұсыныстарын* қақпашылар Вячеслав Нечвиенко мен Данил Кадочников, сондай-ақ шабуылшылар Александр Своеволин мен Никита Белашов қабылдады. Енді бұл ойыншылар солтүстік қазақстандық клубтың иелігінде.
Нечвиенко өткен маусымда «Құлагер» үшін 18 матч ойнап, орта есеппен 2,99 шайба өткізді. Тойтарылған соққылар пайызы – 90,3. Кадочников өз қоржынына петропавлдықтар сапында жүріп, 13 матчты жазды. Ол қақпаға бағытталған соққылардың 91,9%-ына тойтарыс берді, СК – 2,88.
Своеволин мен Белашов тұрақты чемпионаттың көп бөлігінде павлодарлық «Ертістің» көшбасшылары болды, алайда маусымның ортасында екеуі де «Құлагерге» өтті.
* Біліктілік ұсынысы – «Қолданыстағы келісімшарт» мәртебесі бар, қоса алғанда 27 (жиырма жеті) жасқа дейінгі хоккейшімен еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталатын хоккей клубының жаңа мерзімге еңбек шартын жасасу туралы ұсынысы.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager