Көкшетаулық клуб бапкерлер штабындағы түбегейлі өзгерістер туралы жариялады.
«Арланның» жаңа бас бапкері ретінде Павел Валентенко тағайындалды. Ол бұл қызметте команданы екі рет Қазақстан чемпионатының финалына шығарған Сергей Бердниковтің орнын басты. Жаңа тәлімгермен келісімшарт үш маусымға арналған.
Спортшы кезінде Валентенко ҚХЛ мен ЖХЛ-дағы түрлі командалар үшін ойнады, сонымен қатар Солтүстік Америкада да өнер көрсеткен, 2006 жылы ҰХЛ-дың «Монреаль Канадиенс» клубы тарапынан таңдалды.
Павел Александровичтің бапкерлер штабына қазақстандық хоккейсүйер қауымға жақсы таныс, өткен маусымда ойыншы ретіндегі мансабын аяқтаған Дмитрий Мальгин кірді. Ол қақпашылар бапкері қызметін атқаратын болады.