ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі өткен маусымның үздік арбитрлерінің есімдерін атады.
ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі өткен маусымның үздік арбитрлерінің есімдерін атады.
Бас төрешілер – Владимир Суслов, Евгений Плаксунов.
Плаксунов 2021/22 маусымында 67 матчта, оның ішінде плей-оффтың 4 ойынында қызмет етті. Суслов тұрақты чемпионатта 46 матч, плей-оффта 11 матч өткізді (финалдық серияның шешуші кездесуін қосқанда). Сондай-ақ Владимирдің қоржынында Қырғызстанда өткен 4-дивизиондағы әлем чемпионатының ойындары да бар.
Желілік арбитрлер – Владислав Машенькин (тұрақты чемпионатта 54 матч, плей-оффта 10 матч), Владислав Зотов (тұрақты чемпионатта 41 матч, плей-оффта 7 матч). Машенькин ішкі аренадағы ойындардан бөлек, екінші дивизионның А тобындағы жасөспірімдер әлем чемпионатында қызмет етті.