«Номад» «Ақтөбемен» матчта ерлікке пара-пар ойын көрсетті. «Арлан» «Снежные Барсы» командасын қақпасына жолатпастан жеңді. «Алматы» Петропавлдан құр қол қайтты. «Сарыарқа» екінші рет «Бейбарыстан» басым түсті.
"Номад" – "Ақтөбе" матчының ортасына қарай қонақтар 3:0 есебімен алда келе жатты. Алайда ары қарай «көшпенділер» шабысты үдетіп, 20 минуттық ойын ішінде есепті түбегейлі басқа арнаға бұрды. Финалдық ысқырық елордалық ұжымның жеңісін тіркеді. Кирилл Панюков дубль жасады.
"Номад" – "Ақтөбе" 5:3 (0:2, 2:1, 3:0)
0:1 – 06:43 – Филонов (Митряков)
0:2 – 09:47 – Смирнов ГМ
0:3 – 28:15 – Кевлин
1:3 – 31:53 – Данияр См. (Данияр Сн.) ГМ
2:3 – 36:01 – Пархоменко (Зубов, Яковлев) ГБ
3:3 – 42:26 – Панюков (Яковлев, Ибрайбеков)
4:3 – 42:32 – Асетов (Гурков)
5:3 – 49:57 – Панюков (Орехов, Асетов)
Қақпашылар: Каратаев (Амирбеков, 28:15-60:00) – Мальгин (Тихонов, 42:32-60:00)
«Арлан» «Снежные Барсы» командасымен екінші матчта шешуші сәттерді соңына қалдырмай, екінші кезеңде жойқын соққылар берді. Нәтижесінде осы ұмтылыс кездесудің тағдырын шешті. «Снежные Барсы» маусымда екінші рет алаңнан шайба салмастан кетті.
"Арлан" – "Снежные Барсы" 3:0 (0:0, 3:0, 0:0)
1:0 – 23:07 – Ханьжин
2:0 – 25:32 – Шмурыгин (Савенков)
3:0 – 28:38 – Бердников Р.
Қақпашылар: Зыкин – Павленко (Калмыков, 28:38-60:00)
«Құлагер» кездесудің үшінші кезеңіндегі екі шайбаның арқасында «Алматының» екпінін басты. Өз алаңындағы екі жеңіс петропавлдықтарды турнир кестесінің жоғары жағына аттандырды.
"Құлагер" – "Алматы" 3:1 (1:1, 0:0, 2:0)
1:0 – 01:09 – Ахметов (Стасюк, Исмагилов)
1:1 – 12:58 – Ананьин (Качулин)
2:1 – 44:07 – Репин (Стасюк, Исмагилов) ГБ
3:1 – 54:00 – Логинов (Попитич, Рамазанов)
Қақпашылар: Янков – Гичев
"Сарыарқа" «Бейбарыспен» екінші ойынның бастапқы минуттарында тамаша соққылар жасап, өз алаңында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. Қарағандылық ұжым турнир кестесінің төртінші қатарына шықты.
"Сарыарқа" – "Бейбарыс" 4:2 (2:1, 2:0, 0:1)
1:0 – 00:27 – Михайлов (Никулин)
2:0 – 09:51 – Аноховский (Михнин, Холкин)
2:1 – 13:40 – Бакика (Ананичев Ар.)
3:1 – 29:29 – Нургалиев (Борисевич)
4:1 – 34:35 – Михайлов
4:2 – 51:59 – Воробьев (Старцев, Курепанов)
Қақпашылар: Бояркин – Иванов