Хоккейден Қазақстан чемпионатының жеңімпазы жетінші матчта анықталады

27 sáýir
1621

«Арлан» финалдың алтыншы жекпе-жегінде сенімді түрде жеңіске жетіп, серияны Қарағандыға оралтты.

Қонақтар бесінші минутта есеп ашты, алайда әрі қарай қызыл киімдегі хоккейшілер бақылауды өз қолына алып, шешуші үстемдікке қол жеткізді. Матчта екінші кезең шешуші болып, «Арлан» қарсыласты үш рет састырды. Владимир Маркелов дубль жасады.

Pro Hokei Ligasy маусымының шешуші текетіресі 30 сәуір Қарағандыда өтеді.

«Арлан» - «Сарыарқа» 5:3 (1:1, 3:0, 1:2)

0:1 – 04:07 – Анохин (Яковлев, Кожевников)

1:1 – 14:01 – Жиляков (Пластинин)

2:1 – 21:33 – Лихотников (Меньщиков, Борисов)

3:1 – 26:01 – Маркелов (Боровков)

4:1 – 27:59 – Карабань (Меньщиков)

5:1 – 42:10 – Маркелов (Пархоменко, Гребенщиков)

5:2 – 49:35 – Данияр (Жарёнов) ГМ

5:3 – 57:49 – Федоров (Яковлев)

Қақпашылар: Микушин – Крамарь (Ибрагимов, 26:01-60:00)

Сериядағы есеп: 3-3.